Жарнама
ЭкономикаСарапTime

Салық салудың да қисыны болуы керек

Қазір энергетикалық жабдықтардың классификациясына қатысты салық заңдылығы нормаларын жаңаша түсіндіруге орай энергетикалық кәсіпорындардың проблемалары туралы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарында көбейгендігі анық. Мұндай проблеманың туындауы тізбектеле келіп, тұтынушыларды қуат көзімен үздіксіз қамтамасыз етуге, тіпті кеңірек алғанда елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өсіміне де теріс ықпал етері сөзсіз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында тұрақты экономикалық өсім мен «ойға қонымды, рәсімдері қарапайым салық саясатының» өзара нақты байланысына ерекше назар аударуы да тегін емес.

Осы проблеманы жақсы түсінген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов республика Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда мәселеге ел Үкіметі айрықша ден қойып, проблеманың тезірек шешімін табуына ықпал етуін өтініш еткен. Энергетикалық жабдықтардың классификациясына түрлі көзқарастың 2018 жылдан бері қаралып келе жат[1]са да, бір шешімі алынған жоқ. Содан бері республикада жаңартылған электр қуаты көздерін пайдаланатын (ЖЭК) энергия өндіруші ұйымдар (ЭӨҰ) жаппай пайдалануға беріле бастады. Сондықтан, мемлекеттік кірістер органда[1]ры электр қуатын өндіру және оны түрлендіру үшін қажетті жаңартылған электр қуаты көздерін пайдаланатын ЭӨҰ[1]дардағы да, дәстүрлі ЭӨҰ-дардағы (ЖЭО, ГРЭС, т.б.) да жабдықтар классификациясына күмән туғызды. ЭӨҰ-дардың ұлттық классификаторына сүйенсек, қуат өндіруші жабдықтар (турбиналар, қазан, жел турбиналары, күн панельдері, генераторлар, т.б.) жабдық деп саналып, оған мүлік салығы салынбайды. Тіпті, осыған дейін дәстүрлі ЭӨҰ-дар да қуат өндіруші жабдықтар ретінде саналып, оған салық салынбаған. Ал, мемлекеттік кірістер органдары қуат өндіруші жабдықтарды құрылғы ретінде қарап, оған мүлік салығын салу керек деп есептейді. Осы мәселені жан-жақты зерттеген депутат Дүйсенбай Тұрғанов Үкімет басшысынан соңғы шешім күтеді.

Сауалда энергия өндіруші ұйымдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ел Үкіметінің атына қайта-қайта жазбаша өтініштерінің негізінде 2020 жылы қуат өндіруші жабдықтардың 12-2009 негізгі қорлар классификаторындағы 132.420000 «Энегетикалық қондырғылар, электр станци[1]ялары құрылғылары» кодынан шығарылғаны айтылған. Сөйте тұра, депутат Тұрғанов мына бір күмәнді жайтқа на[1]зар аударады. «Әйтсе де, әлі күнге дейін мемлекеттік кірістер органдарының ЭӨҰ-дарды қуат өндіруші жабдықтарды құрылғылар деп есептеп, одан салық өндіру жөнінде бірбеткейлік танытуы таңғалдырып отыр. Ал, сома көптеген кәсіпорындар үшін өте көп екенін атап өткен жөн. «Қазақстандық электр энергети[1]касы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мәліметтеріне қарағанда, егер ЭӨҰ-ға қуат өндіруші жабдық ретінде салық (мүлік салығы 1,5% мөлшерінде, сондай-ақ корпоративті табыс салығы 20%) есептелсе, оған 2022 жылға дейінгі айыппұл мен өсімпұлды қосқанда, елдегі барлық энергия өндіруші ұйымдар бойынша жалпы сома 300 миллиард теңгеден асып жығылады екен. Мұндай жағдайда ЭӨҰ үшін аталған қаржыны төлеудің екі тәсілі бар: өз қаржысы немесе салықтарды (айыппұл, өсімпұл) өтеу үшін шығынды электр қуатының тарифіне енгізу.» Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың пікірінше, мұның екеуі де зор қауіп туғызбақ. Біріншіден, елдегі ЭӨҰ[1]дардың көпшілігі жөндеу жұмыстары бар, бәсекеге қабілетті жалақы төлеуі бар, басқа да тиісті қаржы тапшылығынан көз ашпай отырған кезде, осыншама миллиардтаған қаржы әбден тұралатып, кәсіпорындарды банкроттыққа душар етері анық. Бұл – «жығылғанға – жұдырық» дегеннің кебі. Дүйсенбай Нұрбайұлы айтқан тағы бір қауіпті уәж – салық шығындарын тарифке енгізу көптеген тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерінің бағасын шарықтап өсіріп, ақыры елде инфляциялық өсімді туындатары сөзсіз. Шамамен алғанда, ол үшін электр энергиясын өндірудің шекті тарифі 0,12-ден 3,27 теңге/кВт-сағатқа дейін қымбаттайды немесе 2%-дан 45%-ға дейін өспек.

«Құрметті Әлихан Асханұлы! Қуат өндіруші жабдықтардың қисынды классифика[1]циясы және ЭӨҰ-дардан салық өндірудің салыстырылған үйлесімді тәсілдердің әлеуметтік-экономикалық бағытта мән-маңызы аса жоғары. Сондықтан, жоғарыда айтылғандардың негізінде қуат өндіруші жабдық ретінде ЭӨҰ-дарға салық салу және классификациясы бойынша Үкіметтің позициясы туралы және осы проблеманы шешу үшін алынған шаралар жөнінде жазбаша ақпарат беруіңізді сұраймын» делінген депутаттық сауалда.

Әрине, мұндай күрделі мәселеге депутат Тұрғановтың келуі де бекер емес. Өйткені, ол Жамбыл, Атырау, Павлодар өңірлерінде жұмыс жасаған кездегі өмірлік тәжірибесі арқылы күрделі ахуалмен етене таныс. Оның үстіне еліміздің энергетикалық саласынан егжей-тегжейлі хабардар. Бұған дейін елдегі электр энергиясы желілерінің тең жартысын жаңарту, Батыс өңірі бойынша электр энергиясы желілерін орталықтандырып, қазақстандық жүйе қалыптастыру жөнінде республика Үкіметінің атына депутаттық сауалдар жолдаған Мәжіліс депутатының көтерген мәселелері мемле[1]кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан да тыс қалған емес. Дүйсенбай Тұрғанов көтерген Жайық өзені мен Каспий теңізінің проблемаларын да Президент Ресей, Түркіменстан, т.б. елдердегі өңірлік форумдарда да үнемі айтып, өзге елдерді осы мәселелерді қолдауға шақырып жүр. Демек, бұл жолы да депутат Тұрғанов елдегі елеулі мәселені көтергеніне қапы жоқ. Шынында да, елдің әл-ауқатын жақсартуға енді ғана ден қойыла бастағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мұндай бірбеткейлігі «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыптының» кебін кигізері сөзсіз. Өйткені, энергетикалық кешеннің ауыр ахуалы онсыз да саланы әбден тұралатып отыр.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button