Жарнама
Экономика

Салық кодексіндегі жаңашылдық

Жаңа Салық кодексі – еліміздегі салық жүйесін жеңілдетуге, әділетті етуге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған нақты әрі уақытылы қадам. Ең алдымен, салық есептілігінің 30 пайызға қысқаруы – шағын және орта бизнес үшін үлкен демеу. Бұл – кәсіпкерлердің салық органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ салықтардың жалпы санының 20 пайызға азаюы әкімшілік кедергілерді азайтып, салық жүйесін барынша икемді әрі түсінікті етеді. Жеңілдіктер мен алымдардың оңтайландырылуы – салық саясатының ашықтығын күшейтеді.
Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салығынан бастап, инвестицияларды ынталандыруға дейін барлық маңызды саланы қамтып отыр. Бұл – елімізде ұзақ мерзімді инвестициялық тұрақтылық пен сенімділікті қалыптастырудың кепілі. Салық жүктемесін қайта бөлу арқылы экономиканың белсенді секторларын қолдап, бизнестің өркендеуіне жол ашылады.
Менің ойымша, бұл жаңашылдықтар салық төлеуші мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, ұлттық экономиканың өсіміне серпін береді.

Әлия СҰЛТАНОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Экономика және құқық факультетінің

стратегиялық даму және ғылым жөніндегі декан орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button