Экономика
САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші, мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғанға дейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тіркелген салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырылады.
Осылайша, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің рұқсат ету сипаттағы мониторинг бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту туралы салық өтінішінің орнына хабарлау тәртібі енгізілген. Сонымен қатар, салық төлеуші тіркеу орны бойынша салық есептілігін ұзартқаны туралы өз бетінше хабардар етеді.