Қазақстандықтардың жалақысы өсті

62a083f9682a8018412406 Экономика

Орта есеппен 2021 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен лауазымдық жалақылары 20,3%-ға өсті. Лауазымдық жалақылардың ең жоғары өсімі 2021 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында тіркелді, тиісінше 28,1%-ға және 34,4%-ға, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда саласында 25,9%-ға өсті.

Өнеркәсіп, құрылыс және көлік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда орта есеппен 12-15%-ға өсті. Өнер, ойын-сауық және демалыс, сондай-ақ тұру және тамақтану қызметтері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы өзгеріссіз қалды.

Қаржы және сақтандыру қызметі, өнеркәсіп, сондай-ақ көлік және қоймалау; көтерме және бөлшек сауда қызметкерлері еңбекақысының жоғары деңгейде болуы оның үштен бір бөлігінің сыйлықақылар мен біржолғы төлемдер есебінен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы қорының құрылымы*

                                                                                                                                                           пайызбен

Экономикалық қызмет түріне пайызбенОның ішінде
тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық  қызметақы бойынша есептелген жалақыбіржолғы төлемдер мен сыйлықақыларжұмыс режимі мен еңбек жағдайына байланысты өтемақылық төлемдержұмыс істелмеген уақыт үшін ақы төлеу
Қазақстан Республикасы10073,113,94,98,1
Ауыл, орман және балық шаруашылығы10082,98,41,96,8
Өнеркәсіп10061,520,28,210,1
Құрылыс10081,28,64,26,0
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу10073,819,11,75,4
Көлік және қоймалау10060,819,110,29,9
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету10080,85,87,46,0
Ақпарат және байланыс10072,616,24,27,0
Қаржы және сақтандыру қызметі10062,331,00,95,8
Жылжымайтын мүлік операциялары10074,118,71,45,8
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет10074,415,13,66,9
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет10084,17,24,64,1
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету10071,518,93,36,3
Білім беру10082,94,62,99,6
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету10078,210,04,96,9
Өнер, ойын-сауық және демалыс10080,212,02,05,8
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну10080,212,91,35,6

Бюро пайдаланатын орташа айлық жалақыны есептеу әдістемесі Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен әдіснамасына сәйкес келеді. Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есептілігі негізінде есептеледі. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтармен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз