«РАУАН НАЛКО» – оқушыларға «сырын» ашты

Облыстық кәсіпкерлер палатасы «Рауан Налко» кәсіпорнына мамандыққа баулу жұмыстары аясында мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырған болатын. Зауыттың қызмет ете бастағанына көп болмаса да, ол бүгінгі таңда химиялық реагенттерді өндіретін отандық ірі кәсіпорын болып табылады.

 

«Біздің мекеме мұнай-газ кәсіпшіліктері үшін химиялық реагенттерді өндіретін ірі компания болып табылады. Зауыт 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол күллі Қазақстандағы мұнай кен орындары үшін химиялық реагенттердің 50-ден астам түрін шығарады. Оқушылар, әсіресе, зертхана жұмысына қызығушылық танытты. Осындай кәсіптік бағдар жұмыстарының арқасында жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығы артатынына сенеміз. Мектеп оқушылары өндірістік цехтарды заманауи сынақ тәжірибелерін өткізетін зертхана, қойма бөлмелерін аралап, шикізат сақтау ыдыстарын көрді», – дейді «Рауан Налко» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Жәнібек Медеуғалиев. 

Қаладағы Кіші өнер Академиясының 10-сынып оқушылары Альбина Дәуешева мен Ақайна Шагирова экскурсияның қызықты болғанын, мұнда бұрын көрмеген көп нәрселерге көз жеткізгендерін айтады.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Ғанимұрат мұндай іс-шараларды алға қарай да жүйелі өткізіп тұратындығын айтады. Жыл соңына дейін өңірдегі алты кәсіпорында оқушылар экскурсиясын ұйымдастыру белгіленіп отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз