Қызылқоға шаруаларына – 464,56 миллион теңге!
Қызылқоға ауданының шаруагерлері 56 млн 675 мың теңге субсидия алды.
Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мал басын асылдандыру бағытын бойынша Қызылқоға ауданының 49 шаруа қожалығына 8 айда 34 бас асыл тұқымды бұқа, 98 бас сиыр, 25 бас қошқар сатып алынды. Ол үшін 56 млн 675 мың теңге мемлекеттік субсидия төленді. Мал басын өсіру бағытында «Хайролла», «Құрман», «Аян», «Нұрлы дала Агро фирмасы», «Нұр-Ай», «Шыңғысхан», «Жұлдыз», «Есен», «Шадияр», «Думан», «Наз – гүлім» шаруа қожалықтары, «Жасқайрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкер «Шукатыров» үлес қосып келеді.
Сондай-ақ биылғы 8 айдың ішінде аудан бойынша 42 шағын кәсіпкерлік өкілдері жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 464,56 миллион теңгеге несие алған. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығына 126,03 миллион теңге, «Бастау-Қызылқоға НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығына 72,38 миллион теңге, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20,3 миллион теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы арқылы 9 шаруа қожалығына 111,36 миллион теңге несие беріліп отыр.