Жарнама
Экономика

Құрманғазы ауданындағы жаяу жүргіншілер көпірі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Бұл туралы Құрманғазы аудандың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауданына қарасты Шортанбай-Жыланды елді мекендерін жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Екі ауылдың тұрғындары осыған дейін қолдан құралған өткелдер арқылы, ол ескірген соң, жеке қайықтарымен қатынап келген.

-Бұған дейін де ауыл тұрғындары осы мәселені жиындарда жиі көтеріп, шешімін табуды округ, аудан басшыларынан сұрап келген. 2020 жылы құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2021 жылдың тамыз айында көпір құрылысы басталды. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі. Құрылыс жұмыстарына жауапты мекеме осыған дейін де ауданымызда жаяу жүргіншілер көпірін салып, тұрғындар игілігіне берген «Декор» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі. Жоспар бойынша 10 айда аяқталуы тиіс. Дегенмен көктемгі су келу маусымына орай Шарон өзенінде су көлемінің ұлғаюына және балықтардың уылдырық шашу уақытында ағыс жолын бөгемеу мақсатында мамыр айы мен тамыз айы аралығында құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Нысанда бетон құю жұмыстары жүріп жатыр, деді М.Хасанов.

Оның айтуынша көпірдің металл конструкциялары толықтай дайын. Көпірдің ұзындығы 108 метр болады деп жоспарланған. Көпір осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Көпір құрылысының жүру барысы аудан әкімгінің бақылауында.

Айта кетейік, Дыңғызыл округі Жыланды елді мекені тұрғындарының дені көрші Шортанбай округіндегі мәдениет үйі, спорттық кешен, мектеп, балық зауытында еңбек етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button