Жарнама
Экономика

Қуатты өңір — қуатты елдің негізі

Бүгінде Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған Жолдауында жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді басты мақсат етіп отыр. Осы орайда еліміздің отын-энергетика кешенін жүйелі түрде жаңғырту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстардың түпкі мақсаты – еліміздің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатының артуына берік негіз қалау. Мұның бірден-бір кепілі – еліміздің қажеттілігін толық қамтамасыз ете алатын заманауи әрі тұрақты энергетикалық жүйе құру.

– Бұдан туындайтын мәселе – республика көлемінде, соның ішінде өңірлерде қуат көздерін нығайтып, энергетика кешенінің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамыту қажет. Тек сонда ғана көзделген межеге жетуге болады, – дейді тәуелсіз сарапшы, қоғам белсендісі Балжан Досмұхамбетова.

Оның айтуынша, биылдың өзінде елімізде 622 МВт электр қуаты іске қосылады. Ал келер жылы бұл көрсеткіш шамамен 2 700 МВт-қа дейін ұлғаяды деген болжам бар. Бұл үрдісте елдің батыс аймағының, соның ішінде Атырау облысының да өзіндік үлесі болары сөзсіз. Себебі қуатты Қазақстанның бастауы – қуатты өңір.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button