Жарнама
Экономика

Қазына қаржысы ­– қатаң бақылауда

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  биылғы І тоқсанда 16 аудит іс-шараларын жүргізіп, жалпы сомасы 1 755,4  млн. теңгенің бұзушылықтарын анықтады. Оның ішінде, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 689,5 млн. теңгені, қаржылық  бұзушылықтар  – 65,9   млн. теңгені  құрап отыр. Ал, 3 аудиторлық  іс-шара (электронды аудит) нәтижесінде жалпы сомасы 17,5 млн. теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болды. Сондай-ақ, департаментке  түскен 388 өтініштің уақытында тиісті жауабы берілді.

Сондықтан, қазына қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсауды бақылаудың маңызы зор. Өйткені, еш қадағалаусыз жаратылған қаржының пайдасынан зияны көп. Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты да осы – бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит органдарының негізгі міндеттері – мемлекеттік аудит нысанының ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік аудит обьектілері қызметін ұйымдастырудың ішкі процесстерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субьектілері активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

Жоғарыда аталған есепті кезеңде камералдық бақылау бойынша жалпы сомасы  150 158,8  млн. теңгенің 3541 мемлекеттік сатып алулары қамтылды. Нәтижесінде 1074 мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталып,  хабарламалар  толықтай орындалды.

 Департамент 98 лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 4,8 млн. тенгенің әкімшілік айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілді. Осы кемшіліктерді жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне  нұсқамалар жолданып, қорытындысында 13 лауазымды тұлға тәртіптік  жауапкершілікке тартылды.

Ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу, олардың тоқсан сайынғы есебін Комитетке ұсыну, мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізілді. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту, ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудиторлық материалдарды ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары да жүргізілді.

Биыл І тоқсанда Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі 2 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде 1 млн. теңгенің  қаржылық бұзушылықтары анықталды. Оның 0,4 млн. теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. Жүргізілген аудит қорытындысында 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департамент Ішкі аудит қызметі жүргізген 1 аудиторлық іс-шара нәтижесінде бір лауазымды тұлғага 172,5 мың теңгенің айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілді.

Мәулен МУТИЕВ,

    Атырау облысы бойынша

 Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button