Жарнама
Экономика

Қазақстандықтардың жалақысы қаншаға өспек?

Қазақстандықтардың жалақысы қандай жағдайда өсетіні белгілі болды.

Сондай-ақ, өтілі жоқ жас мамандардың жалақысына да мемлекет 30 пайыз көтерме ақша төлеуді қарастырып жатыр екен. Президенттің өзі жуырдағы халыққа Жолдауында жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мыңға жететінін айтқан болатын. Бұл 1 млн 800 мың азаматтың айлығы өседі деген сөз. Бұл туралы Атырауда іссапармен жүрген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты.

«Халық саны өсіп келеді. Елімізде жыл сайын 300 мың жас еңбек жасына келеді екен. Ендеше, оларға жұмыс орнын табу – басты міндет. Биыл жұмыспен қамтылған жастар 60 пайызды құраса, 2030 жылы 80 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Осы орайда, оларға бизнес бастау үшін 2,5 пайызбен несие берілетін болады. Егер сауда-саттық саласында кәсіп ашса 5 жылға, ал, ауылшаруашылық саласы болса, 7 жылға беріледі. Өзге өңірден келетін жастарға да қолдау болады. Мәселен, оларға жұмыс орнын ашқан мекемелер мемлекеттен ынталандыруға ие болады» дейді ол.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button