Құны 6 миллион теңге тұратын 14 жер телімі қайтарылды

c2655ca3 faef 4c38 bbc3 19a8a720628e Экономика

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа көшіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын. Содан бері бірнеше жер мемлекетке қайтарылды.

Соның бірі – күні кеше мемлекетке қайтарылған Құрманғазы ауданындағы жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асатын 14 жер телімі. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, бұл жерлер мүлдем пайдаланылмаған.

Құзырлы орган өкілдері жайылым алқабының мақсатты пайдалануына жүргізген талдау нәтижесіндежер телімдерін ұзақ уақыт тікелей мақсаты бойынша пайдаланбағанын және жер пайдаланушылардың ешқандай малы тіркелмеу деректерін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы аумағы 2,8 мың гектар болатын, кадастрлық құны 6 миллион теңгеден астам 14 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, конкурс арқылы 2021 жылы сатылған телімдердің сатып алу құны өтелмегендіктен, бюджетке 3,8 миллион теңге өндірілді.

Осылайша, прокуратура қызметкерлері игерілмей жатқан жерлерді қайтару арқылы кәсіп ашып, шаруасын жүргізуге ниетті кәсіпкерлердің жер алуына қолдау көрсетті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Құрманғазы ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз