Жарнама
Экономика

Қазақстандық тауарларға Қытайдан сұраныс бар

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсу мен стратегиялық тереңдікті көрсетеді.

2024 жылы Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті. Қазақстанның ҚХР-ға экспорты 15,8 млрд. долларды құрады – бұл қазақстандық тауарларға деген жоғары сұранысты және елдің Азия бағытындағы позициясын нығайтуды көрсетеді.

Аграрлық секторға ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 1,4 млрд долларға жетіп, 10,5%-ға ұлғайды, оның 1,1 млрд доллары қазақстандық экспортқа тиесілі болды. Қазақстан жыл сайын 15-20 млн тонна астық өндіреді, ал қытайлық компаниялар қосылған құны жоғары өнім жасау үшін оны қайта өңдеуге белсенді инвестиция салады. Жарқын мысалдардың бірі — 650 миллион долларлық бидай өңдеу зауытының құрылысы бойынша Dalian hesheng Holding Group» жобасы. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға ғана емес, сонымен қатар өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты өсуі екі елдің стратегиялық әріптестігінің беріктігін растайды.

Ғазиз ӘБІШЕВ,

саясаттанушы

Фото: Өндіріс және құрылыс министрлігі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button