Жарнама
Экономика

Қазақстандық Bereke Bank Катарға сатылып кетті

Катардың Lesha Bank инвестициялық банкі Bereke Bank-ті (бұрынғы «Қазақстан жинақ банкі) сатып алу жөніндегі келісімдеу мәмілелерінің аяқталғанын хабарлады.
Мұндай мәлімдеме Катар қор биржасының (QSE) ресми сайтында жарияланды.

Келісім сомасы 65 млрд. теңгені ($145 млн.) құрады. Бұл несие беруші ұйымның жеке жарғылық капиталы биылғы сәуір айының 1-іне 163 млрд. теңгеге немесе 39,8 пайызға тұрақтаған. Осылайша Bereke Bank қазақстандық бөлшек сауда нарығындағы шетелдік қожайынның иелігіне өткен төртінші ойыншы (қатысушы) болып шықты.
Бұдан басқа, біздің елімізде түріктің KZI Bank (Ziraat Bankasi еншілес кәсіпорны), Иржи Шмейц басқаратын чехиялық инвесторлар тобына кіретін Home Credit Bank және Abu Dhabi Commercial Bank-нің құрамындағы Al Hilal ислам банкі жұмыс жасайды.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button