Жарнама
Экономика

Қазақстанда жаңа мұнай компаниясы құрылмақ

Қазақстанда «Теңіз Жасағы» атты жаңа мемлекеттік компания құрылуы мүмкін. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған. Бұл туралы zhasalash.kz сайты хабарлады.

Компанияның жарғылық капиталы 100 пайыз мемлекеттің үлесінен тұрады деп жоспарланған.

«Теңіз жасағы» мұнай төгілулерінің алдын алу және оларға әрекет ету (болған жағдайда) жұмыстарын жүргізетін болады.Бұл үшін оған Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету базасы және Каспий теңізі секторында жүзеге асырылатын теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін басқа да инфрақұрылым нысандары беріледі, делінген хабарламада.

«Теңіз жасағы» Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынатын болады.

Құжат 12 шілдеде жарияланды және 26 шілдеге дейін талқыланады.

фото: vuzopedia.ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button