Жарнама
Экономика

Қазақстанда ескі көлік иелеріне салық жеңілдігі енгізіледі

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі автокөліктерге арналған салық жеңілдігі күшіне енеді. Бұл жеңілдік жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама елдегі автопарктің ескіруіне байланысты қабылданып отыр және шамамен 4 миллион қазақстандықты қамтиды.

Жаңа ереже бойынша, көлік құралдарына салынатын салыққа арнайы түзету коэффициенті қолданылады. Бұл коэффициент автокөліктің жасына қарай есептеледі. Мәселен, 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктерге – 0,7 коэффициенті (яғни салық 30%-ға азаяды), 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициенті (50% жеңілдік) енгізіледі.

Бұл шара автокөлік иелеріне салықтық жеңілдік беріп қана қоймай, ескі көліктердің заңды тіркелуін ынталандырады деп күтілуде. Сонымен қатар, азаматтардың салықтық жүктемесін азайту және әлеуметтік әділеттілікті сақтау көзделіп отыр.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: orda.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button