Жарнама
Экономика

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы қалай өзгереді?

Биыл 30 қаңтардан бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде тоқтатылды. Бұл өзгеріс отын нарығындағы баға белгілеуді нарықтық механизмдерге көшіру мақсатында енгізілді.

NRG_monitor ақпараттық ресурсының хабарлауынша, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бензин бағасының 300 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін болжағанымен, қазір АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы аймақтарға байланысты тек 2 теңгеге қымбаттады.

Ақпан айының соңына қарай бөлшек саудадағы бағалар орта есеппен 4 теңгеге өседі деп күтілуде, оның 80%-ы акциздер арқылы бюджетке түседі. Бұл қадам мемлекетке қосымша кіріс әкеліп, инфрақұрылым мен әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Мұнай өнімдеріне бағаны мемлекеттік реттеу тоқтатылғанына қарамастан, Энергетика министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізуді бақылауды жалғастырады. Бұл шара отын тапшылығын болдырмауға және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бөлшек бағалар ай сайын біртіндеп көтерілетін болады, бірақ күрт өсім болмайды деп жоспарлануда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button