Жарнама
Экономика

 Қазақстанда баламасы жоқ атыраулық фабрика жабыла ма?

«Caspiy Lana Atyrau» жүн өңдеу фабрикасы директоры Назгүл Есмаханованың сөзінше, сегіз жыл бұрын ашылған кәсіпорын тапсырыстың болмауынан және шикізат тапшылығынан тоқырап тұр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

О баста жылына 150 тонна түйе жүні жиналады деп жоспарланған екен. Бірақ, бұл тек жоспар күйінде ғана қалып отыр. Енді фабрика жұмысына жан бітіру үшін инвестор қажет. Әйтпесе, елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында баламасы жоқ кәсіпорын жабылып тынуы әбден мүмкін.

«Мұндағы құрылғылар тек биязы жүнді ғана өңдей алады. Алайда, ондай шикізат Атырауда жоқ. Сондықтан басқа елдерден тасуға тура келді. Ал, қолда бар түйе жүнін қырқу да өз құнын ақтамады. Сөйтіп, өзге өңірлерден әкелінді. Соңғы кезде қытайлық және өзбекстандық синтетикалық көрпелерге сұраныс артты. Бұл да отандық өнімге кері әсерін тигізіп отыр. Міне, осының бәрін реттей алатын кәсіпкер табылмаса, одан әрі не болатыны белгісіз» дейді «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Қаппазов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button