Қазақстан Қашағанды игеруші операторға талапты күшейтті
Қашаған кен орнының операторына қойылатын талап сомасын Қазақстан 10 млрд.-тан 160 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайтты. Бұл жолы 10 млрд. долларға қойылатын талаптар – Қашаған жобасындағы сыбайлас жемқорлық мәмілелерімен байланысты.
Bloomberg дереккөзі сыбайлас жемқорлық мәмілелері бойынша сома ұлғайтылуы мүмкін деп хабарлайды. Бұған дейін Қазақстан мұнай өндірудің кешеуілдеуіне және Қашаған кен орнын игеру кезеңдеріне байланысты 150 млрд. доллар жоғалған пайда туралы мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар қазір төрелік талқылау жүргізіліп жатқан еліміздің өтелмейтін шығыстарының сомасы 13 млрд. долларға жеткен. Қашаған жобасының нысандарында күкіртті нормативтен тыс сақтағаны үшін тағы 5 млрд. доллар экологиялық айыппұл салынды.
Қуандық ШӘКІРОВ
Сурет редакция мұрағатынан