Жарнама
Экономика

Қашағандағы өндіріс тоқтатылды

 «1 маусымнан бастап NCOC жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешеніндегі өндірістік нысандарын тоқтатты» делінген компанияның сайтындағы мәлімдемеде.

Жоспарлы профилактикалық қызмет көрсету маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Нормативтік талаптармен және өндірістік қажеттіліктермен қарастырылған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды қамтиды.

Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген міндетті шаралар мен тексерулер екені белгілі. Сондай-ақ өндіріс жүйесінің жұмысының сенімділігін оңтайландыру және одан әрі арттыру бойынша бірқатар жұмыстар мен жобалар да жүзеге асады.

Сонымен, бұл ауқымды жұмысты 45 күн ішінде аяқтау көзделіп отыр.  Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады.  Ондағы қор шамамен 9 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Айта кетейік, Қашағандағы коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды.

Айгүл БАҒЫТОВА,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің III курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button