Жарнама
Экономика

Қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері 19 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 3 499,1 млн. теңгенің бұзушылықтарын анықтады.

Көрсетілген соманың ішінде қаржылық бұзушылықтар – 297,1 млн. теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 3 202 млн.теңгені құрап отыр. Ал мұның ішінде 11 аудиторлық іс-шараның (электронды аудит) нәтижесінде жалпы сомасы 14,6 млн.теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары анықталды.
Есепті кезеңде камералдық бақылау арқылы жалпы сомасы 22004,6 млн. теңгенің 7570 мемлекеттік сатып алулары қамтылып, олардың нәтижесімен 1959 мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды. Хабарламалар толықтай орындалды.
Департамент 222 лауазымды және заңды тұлғаға жалпы сомасы 18,6 млн. тенгенің әкімшілік айыппұлын салып, оның 13,7 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит нысандарына нұсқамалар жолданып, қорытындысымен 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері 883 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауаптары берілді.


Мәулен МҮТИЕВ,

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Сурет: ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button