Жарнама
Экономика

«Қара алтынның» сандығы – ТЕҢІЗ КЕНІШІ

*Теңіз кенішінің ашылғанына – 45 жыл

Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі – Теңіз кенішінің ашылғанына биыл 45 жыл толды. Қазақстантарихындағы тұңғыш ірі инвестициялық және ел экономикасының һәм әл-ауқатының дамуына тікелей әсереткен кен орнының мерейтойына арналған іс-шара «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас кеңсесінде кең ауқымдааталып өтті.

4f99261d f0a4 4118 8365 48b343c75a86

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚазақстанРеспубликасы Энергетика министрлігінің өкілдері, «Сhevron», «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Exxon Mobil» және «Лукойл» компанияларының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласының ардагерлері мен алғашқы бұрғышылар – «Бұрғышы-72» қоғамдық қорының мүшелеріқатысқан жиында кен орнының ашылу кезеңі туралыарнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, тарихқа шегініс жасалды.

1854bda7 942a 4ba1 bd13 44990522ea66 1

Теңіз кен орнының бастапқы тарихы өткен ғасырдың 60-жылдары – сол кездегі ғалымдар Орал-Ембі бассейні қорлары деңгейінің төмендеуін болжаған кезбен тұспа-тұс келеді. Алайда Ембі мұнайшылары мен геологтар қажырлыеңбегі, білімі мен табандылығының арқасында Батыс Қазақстанның әлеуеті әлі ашылмағанын және ең маңыздыресурстар тұзасты шөгінділерінде, 4-5 мың метр тереңдікте жасырылғанын дәлелдей алды. Осылайша шөлді алаңдыбарлау және бұрғылау 1971 жылы ғана басталып, бұрғыланған 4 ұңғыманың жобалық тереңдігінің әртүрлі деңгейлеріндегі тұзасты қабаттарында мұнай мен газ қорының белгілері анықталды.

78107cdf 1f7f 4019 be4e 12120e0cece6

Теңдессіз кен орнын алғашқы ашушылардың бірі Орынғазы Есқазиевтің естеліктеріне сүйенсек, 1975 жылдың күзінде «Саратовнефтегеофизика» тресінің бас геологы В.П.Шебалдин «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің бас геологы Жолдасқали Досмұхамбетовтың кабинетінде Каспий маңындағы бірегей геологиялық құрылымдардың бірі туралы айтқан болатын. Кеңес соңында Жолдасқали Ахметұлы №91 ұңғыманың орнын қарындашпен көрсетіп, «Бұл кен орны болашақта халыққа теңіздей телегей мұнайберсін» деген тілегін білдірген екен. Ж.Досмұхамбетовтыңосы сөзі айна-қатесіз шындыққа айналып, 1979 жылы 18 желтоқсанда тұңғыш рет №1 ұңғымадан 4045-4095 метр тереңдіктегі тұзасты қабатынан мұнай атқылады. Содан берібұл күн Теңіз кен орнында мұнай мен газды толық көлемдеөндірудің бастапқы нүктесі болып саналады.

Бірегей және күрделі кен орындарының бірі – Теңіз кенішін ашушылардың қатарында өз ісінің білгірлері Бөлекбай Сағынғалиев, Жолдасқали Досмұхамбетов, Болат Еламанов, Асабай Хисметов, Құмар Балжанов, Валентин Авров, Мақаш Балғымбаев, Орынғазы Есқазиев секілдімұнайшылардың есімдері зор ілтипатпен аталады, өйткені олар – тарих бетіне мәңгілікке жазылған майталмандар.

Ең алғаш қара алтынның көзін тапқан аға буынныңтынымсыз ізденісі мен еңбегінің арқасында әлемдікдеңгейдегі алып кеніш өз жұмысын мүлтіксіз атқарыпкеледі. Осы шаруалардың басы-қасында болған ағабуынның жақсылығын кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Олардың жолын қуған жастар барда ардагерлердің есімдеріұлықталып, еңбектері бағаланады.

1993 жылдың 6 сәуірінде «Теңізшевройл» қазақ-американбірлескен кәсіпорны құрылғалы Теңіз мұнайыныңэкспортқа шығуын қамтамасыз етіп, мұнай алыбының жәнеел экономикасының дамуына серпін берді. Содан берібірнеше жыл қатарынан компания «Үздік жұмыс беруші», сондай-ақ «Үздік салық төлеуші» деп танылды. Компания қазақстандық мамандардың біліктілігін арттырып, қазақстандық қамтуды дамытуға ұмтылып келеді.

Биыл тоғыз айда компанияның республикаға тікелей төлемі8,4 миллиард АҚШ долларын құрады. 1993 жылдан берікомпания ел экономикасына 198 миллиард доллардан астамқаражат бөлген.

Іс-шара барысында бұл кен орнының ашылуы арқылы елдежаңа дәуірдің басталғанын айтқан «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон осы жұмыстың басы-қасындаболған аға буынның орасан зор еңбегіне тоқталды.

aa69e8d8 9df2 4ba6 a4ff 5ceab02f2cf1

– Теңіз кен орнының ашылуы тек мұнай өнеркәсібі үшінғана емес, бүкіл елде жаңа дәуірдің басталуына себепболды. Бұл Қазақстан мен халықаралық компанияларарасындағы берік ынтымақтастықтың үлгісі болыптабылады. Осы жылдар ішінде біз қауіпсіз және сенімдімұнай өндіруді қамтамасыз етіп, бірлескен күш-жігерменәлемдік деңгейдегі өндірісті құрып қана қоймай, кенорындарын игеру технологияларын енгіздік, адамикапиталға инвестиция салдық, жұмыс істейтінқауымдастықтарды қолдадық және ҚазақстанРеспубликасының экономикалық өсуіне үлес қостық, — деді бас директор.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Теңіз кенішініңалғашқы кезеңі мен қазіргі жағдайын салыстыруғакелмейтінін атап өтті.

– Мұнай-газ саласының барлық ардагерлеріне бүгінгімерейтой құтты болсын. Теңізді игеруге қосқан үлесіңізТәуелсіз Қазақстанның дамуының іргетасын қалағанын атапөткім келеді. Қиын жылдары біздің елімізге демеу болған, басқа да салалардың дамуына ықпал еткен дәл осы мұнайөндірісі еді. Біз ардагерлерімізге олардың еңбегі мен адалдығы үшін мың да бір алғыс айтамыз! — деді Серік Жамбылұлы.

Мерейтойға арнайы келген республика Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Жанар Жарылғасоваведомство атынан құттықтау сөзін арнап, кен орнынигеруші компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталыпөтті.

– «Теңізшевройл» компаниясы жақсы үйлестірілгенжұмыстың арқасында әлемдік озық технологиялардыөндіріске енгізді. Компания – елдегі ең ірі салық төлеуші, сондай-ақ әлеуметтік серіктес ретінде де жұмыс атқарыпкеледі, — деді Жанар Шайқықызы.

Шақырылған қонақтардың арасында Теңіз кен орнынашушылардың ұрпақтары да, бірінші болып ұңғымағабұрғы салғандар да болды. Солардың бірі – «Құрмет» орденінің иегері, мұнай-газ саласының ардагері ТөлегенБайзақов.

– Теңізде қызмет ету өндіріс мамандары үшін тамашамектеп болды. Одан абыроймен өту – әркімнің қолынанкеле бермейтін іс. Өткенге көз жүгірте отырып, Теңіз кенорны қалай қатты өзгергенін, технологиялардың жетілгенінкөріп отырмын. Мен Теңіз кен орнын алғаш ашқандардыңмұнай-газ саласына қосқан зор үлесін көкейінде сақтап, қадір тұтатын жас ұрпаққа ерекше алғысымды білдіргімкеледі, — деді ардагер.

Компания осы жылдар ішінде ел экономикасыныңөркендеуіне үлес қосуымен қатар, стратегиялық маңыздыжобаларға басымдық беріп, жергілікті жұмысшылардықамтуды мақсат етіп келеді.

2010 жылдан компания халықтың әлеуметтік жағдайынжақсартуға бағытталған салаларға да ерекше назар аударыпкеледі. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру, қоршағанортаны қорғау, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталғанинвестициялық салымдар бағдарламасын қолға алды. Соданбері жалпы сомасы 15,9 миллион АҚШ долларын құрайтын129-дан астам әлеуметтік жоба іске асты.

Теңіз кен орнының 45 жылдығына арналған іс-шарада мұнай-газ саласының ардагерлері мерекелік медальдарменмарапатталды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button