Жарнама
Экономика

Қала сыртындағы жолдарға «Сергек» орнатылуы мүмкін

Атырауда қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолдарына сергек камерасын орнату мәселесі көтерілді. Бұған жол көлік оқиғасынын көбеюі себеп болып отыр деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Атырауда 10 күн ішінде 4500-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде қала аумағында 1970, қала сыртындағы тас жолдарда 1452, Жылыой ауданында 254, Құрманғазы ауданында 182, Махамбет ауданында 173, Исатай ауданында 148, Қызылқоға ауданында 103, Индер ауданында 97 және Мақат ауданында 84 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді.

««Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған 10 күн ішінде Атырау қаласы аумағында 2 жол апаты болып, 2 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ал, республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 19 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты», — деді ПД ЖПҚ басқармасы жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аманжол Жұмалиев.

Биыл аймақта 7 айда 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 49 адам қаза тауып, 227 адам әр түрлі дене жарақатын алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 17,9%-ға өсіп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button