ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Жуырда «Атырау» қонақүйінде астрахандық «Caring» компаниясы мен атыраулық жас кәсіпкерлер бірлесіп «Бизнес энергиясы» тақырыбында тренинг өткізді.

Естеріңізде болса, қырқүйек айында Ресей Федерациясының Астрахан қаласында «СЕЛИАС-2013» халықаралық оқу форумы өткен еді. Оған Атырау қаласынан қырыққа тарта жас кәсіпкер, өнерпаз бен студент, қоғамдық ұйым мүшелері қатысып қайтты. Форум барысында екі жақ кәсіпкерлері арасында байланыс орнап, ортақ жобаларды бірлесіп іске асыру жөнінде келісімге келген-ді. Психологиялық тренинг соның бір айғағы іспеттес.
Іскер жандарға арнайы әдістемемен жасақталған тренинг кәсіпкерлерге өз істерін дамытуға және өз-өздерін жұмысқа ынталандыруға бағытталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз