![Президент: Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгереді 1 img 6003](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_6003.webp)
Экономика
Президент: Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгереді
Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгереді. Бұл туралы Мәжілісті жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазір алдымызда өте ауқымды, биік мақсаттар тұр. Сондықтан дереу жұмысқа кірісу қажет. Егер біз 5 жылдан кейін экономикамызды 2 есе ұлғайтамыз десек, жаңа экономикалық модель керек. Әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа көзқараспен қарау қажет. Соған байланысты Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгереді. Жаңа тұлғалар тағайындалады», — деді Президент.