Жарнама
Экономика

«Парыз» байқауына құжаттар қабылдануда

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырауөңірлік коммуникациялар қызметі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету бағытында ұйымдастырылатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізілуде. «Парыз» байқауы, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары аясында жүргізілуде. -2008-2021 жылдар аралығында облыс бойынша 20 ұйым лауреат атағын алды.

Оның ішінде 1 ұйым «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша конкурстың Гран-при ең жоғары наградасының иегері, 10 кәсіпорын «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша, 4 кәсіпорын «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша, 5 кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша марапаталған, деді А.Мәмбетов.

Айта кетейік, байқау 1 тамызға дейін жалғасады. Қатысу үшін үмiткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсына алады. Толық мәлімет пен кеңесті Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А мекенжайындағы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №105 кабинетінен алуға болады. Немесе облыс әкімдігінің www.gov.kz веб-сайтынан алуға мүмкіндік бар. Байланыс телефоны 8(7122)322774.

Айта кетейік, аталған байқау үшін құжаттар қабылдау осы жылдың басында басталған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button