Жарнама
Экономика

Пандемия кезінде жұмыстан кімдер қысқарды?

Бір жылдан астам уақыт жұмысы шектелген кәсіпкерлердің тоқырауға ұшырап, жұмыссыздардың қатарын көбейтіп жүргендері де жеткілікті. Соның кесірінен қазынаға түсетін қаржы да азайды. Өзге өңірлерден гөрі, «қызыл» аймаққа жиі еніп жүрген атыраулықтардың ахуалы қандай? Қай салада құлдырау, қайсысында даму бар?

Қаңтарылған банкет залдары көп қалада. Шынында да қызметкерлері ең көп қысқарып, табыссыз қалған да осы іспен шұғылданатындар. Кейбірі келер күннен күдерін үзбей, есігін құлыптап отырса, көпшілігі мақсатын өзгертіп, табыс табуға кірісті. Дені отбасылық мейрамхана ретінде қайта жабдықталды, екі-үш мейрамхана жиһаз салонына айналды. Тігін цехына айналған тойхана туралы облыста бірінші болып ақпарат таратқан да біздің басылым еді.

  • Былтырғы қазаннан бері 25 тігіншісімен ғимаратты жалға алған Мейрамгүл Иманғалиева бүгінде қызметкер санын екі еселеп, Атырау қаласынан үш, Ақтау қаласынан бір сауда нүктесін ашыпты. Республика бойынша тауарды тегін жеткізу сервисін де іске қосқан. Онымен қоймай, тігіншілікке ебі бар, бірақ тəжірибесі жоқ қыз-келіншектерді ғимараттың бірінші қабатында тегін үйретіп, келісім-шарт негізінде жұмысқа қабылдап отыр. Жұмыс таппағанына жүзі жанбай[1]тын еңгезердей еркектер томашадай келіншектің бұл ісінен үлгі алса кəне!..

 Атырау облысы кəсіпкерлер палатасының жыл соңында жүргізген сауалнамасына 1792 жеке кəсіпкер, 83 ЖШС, 57 жеке қожалық иесі – ұзын ырғасы 2000- ға жуық кəсіп иесі қатысқан. Сонда олар былтыр 16 наурыз бен 30 қараша аралығында білім мен ауыл шаруашылығы саласынан басқаның бəрі жұмысшыларын қысқартқанын көрсетеді. Əсіресе, мерекелік шаралар ұйымдастыру қызметінің 75%, ойын-сауық орындарының 59%, қоғамдық тамақтанудың 48,1%, транспорт пен логистиканың 47,5%, құрылыстың 46,9% қызметкері жұмыссыз қалған. Сондай-ақ туризм, қонақ үй, демалыс орындары мен өңдеуші кəсіпорындар да ұжымды ықшамдауға мəжбүр болыпты.

 Есесіне білім саласында 5,7%, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде 8,2% өсім байқалады. Демек қандай жағдайда да білімнің қажет, ауыл шаруашылығының өсіп-өркендеп, дами беретініне бірден-бір дəлел бұл. Осы дəйектер Абай аударған Крыловтың «Шырылдауық шегірткесін» еріксіз еске түсіреді. Бұған дейін «өнер адамы» деп өзін-өзі дəріптеп, той-томалақтан табыс тапқандар лезде кəсібін өзгертіп шыға келді. Қиналған тек несиеге той жасаған халық қана. Сондықтан, енді мамандық не кəсіп таңдарда назар мен ниетті білім мен ауыл шаруашылығын дамытуға бағыттаған жөн болар.

Көмекке мұқтаж кәсіпкер Ш е кт еу т е к ж ұ м ы с ш ы қысқартумен тоқтаған жоқ. Кəсіпкерлік нысандарының 56%- ы күнделікті жұмыс уақытын шектеп, 7%-ы сенбі, жексенбі күндері демалуға мəжбүр. Ал 7,6%-ы жұмысын толық тоқтатты. Əзірге жұмысы барлардың 46%-ның табысы төмен, 42,3%- ы жалақы төлеуге жағдайы жоқ. Жалдамалы ғимарат не орын ұстап отырған 19,7% кəсіпкер де осындай тығырыққа тірелді. Көріп отырғанымыздай, кесір кеселдің өршуі елдің экономикасына айтарлықтай залал тигізіп отыр.

Үкімет кəсібін сақтап қалғысы немесе дамытқысы келетіндер үшін қолдан келген көмегін көрсетті. Облыс кəсіпкерлерінің 41,4%- ы салық пен төлемнен, 16,5%- ы коммуналдық жəне жалдау ақысынан босатылған. Шағын жəне орта бизнес қызметкерлерінің 13,7%-ына 42 500 теңге əлеуметтік жəрдемақы төленді. Бұдан өзге де қолдаулар жасалды. Пандемияға қарамастан табысы да, сұранысы да артқан ауыл шаруашылығы саласын дамыту қолға алынды. Бүгінде Атырау облысында тіркеуде тұрған 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасының 80%-ы тозған. Ескі дүниемен өнімді жұмыс жасау мүмкін емес. Сондықтан, Атырау облысы кəсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов Жамбыл облысында бастау алған тың бастаманы атыраулықтарға да қолға алуды ұсынды. Шаруагер жаңа техниканың белгілі бір құнына сəйкес ескі техникасын тапсырып, қалған ақшасын бөліп төлей алады. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда Атырауда бірнеше шаруа техникасын түзеп, табысын арттырары анық. Облыста жұмысы жүріп тұрған бірнеше бизнес нысанының күйреуі, с ақт ап қа лс а да жұмысының ілгері баспауы елдің экономикасына кесірін тигізді. Біріншіден, қазынаға құйылатын қаржы азайды.

Екінші салдары – жұмыссыздық. Үшіншіден, мұның бəрін қолдау үшін Үкіметтен қ о с ы м ш а қ а р ж ы б ө л і н д і . Төртіншіден, несие, ғимараттың коммуналдық ақысы сияқты дəлелді күтпейтін шығындары болса, шынымен кəсіпкерге қиын. Оның артында тұтас бір отбасының жүгі тағы бар. Енді осы тұйықтан шығып, экономиканы көтерудің бір-ақ жолы – вакцина салдыру. Қалың бұқара жаппай вакцина алып, ауруды ауыздықтағанда-ақ кəсібіміз көркейіп, бастамамыз берекелі болад.

P.S. Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай дағдарыстан кейін кәсіптің қалыпқа келуіне де біраз жыл керек боларын айтқан еді. Карантин шаралары жеңілдеп, нысандар іске қосылғанымен әп-сәтте жұмыстың жүріп кетпейтіні белгілі. Сондықтан, алдағы уақытта біз карантиндегі кәсіпкерліктің кілтипандары жайында жиі жариялап отырамыз.

 Салтанат АҚТƏЖИЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button