
Отандық өнім — сенімді нарық
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сауда саласын дамыту және отандық өнім өндірушілерді қолдау шаралары – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бағыттар. Соңғы деректерге қарасақ, сауда көлемінің 8,6%-ға, инвестиция көлемінің 37%-ға өсуі — қабылданып жатқан саясаттың нақты нәтижесі.
Үкімет тарапынан отандық өнімдерді ілгерілетуге бағытталған бағдарламалар, соның ішінде 50% сөрелік кеңістік беру талабы – жергілікті өндірушілер үшін үлкен қолдау. Бұл – бизнесті дамытып қана қоймай, тұтынушылардың отандық өнімге деген сенімін арттырады.
Сондай-ақ, сапасыз өнімдерге тосқауыл қою, көліктерді тексеру, заңсыз тауар айналымына шектеу қою сияқты шаралар — ішкі нарықты қорғаудың тиімді құралы. Бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар мәселе.
Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімінің жасалуы — ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі. Мұндай жүйе бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін жеңілдетіп, әкімшілік кедергілерді азайтады.
Жалпы алғанда, сауда саласына жасалып жатқан жүйелі қолдау еліміздің экономикалық тұрақтылығын арттырып, экспорттық әлеуетін жаңа деңгейге шығарады деп есептеймін.
Тельман ШҮРИЕВ,
тәуелсіз сарапшы