ОТАНДЫҚ БИЗНЕСКЕ – ЖАҢА БЕЛЕС
-Бұл шара қазіргі қолданылып жүрген бақылау нормаларын тоқтататындығымен де құнды. Сонымен қатар, мораторий — қателікті кешіру емес екенін де түсінуіміз керек. Бизнестен өз міндетін орындау жөніндегі жауапкершілік, оның ішінде бюджетке салық төлеу, тұтынушылар мүддесін сақтау және жалпы алғанда заң ережелері мен нормаларына сай жұмыс істеу жауапкершілігі алынып тасталмайды, — деді халық қалаулысы. Оның айтуынша, іскер жандар бұл кезеңді бизнесін реттеп, жолға түсіру және келешегін айқындау үшін пайдалана алады. Бұл кезең жалпы алғанда бизнес үшін де, үкімет үшін де тиімді болмақ.
Айта кетейік, мұндай мораторийлер бұған дейін 2003, 2008 және 2009 жылдары жарияланған болатын. Азат Перуашев айтқандай, «қазіргі шешім де Президент Назарбаевтың бизнесті қолдауға және оны дамытуға жаңа серпін беруге, отандық бизнесті жаңа белестерге көтеруге деген ұмтылысынан туындап отыр».
Қ.ОРАЗ.