Жарнама
Экономика

ОРЫНСЫЗ ШЫҒЫНҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!..

 

Осы орайда, артық-кемімізді қайта бір есептеп, орынсыз шығындарды қысқартуды, басқалай да қатаң шаралар алуды міндеттеген Президенттің қандай қиын болғанмен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстардың жалғасатындығын мәлімдегені, бұл жөнінде арнайы тапсырма бергені көңілге медеу көрінді. Әйтпесе, алдында жұмысы, қолында кәсібі бар, еңбек етуге қабілетті, төрт құбыласы түгел, дені сау азаматтардай емес, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлерге қиындау тиетіндігі сөзсіз.

Құдайға шүкір, тап қазіргі жағдайымызға қарасақ, ешкімнің де «аштан өліп, көштен қалар» түрі көрінбейді. Еңбекақы мен зейнетақы, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік көмектер бұрынғысынша беріліп, алдағы уақытта олардың көлемін өсіру де көзделген. Басқалай да шаралардың қабылданып, қамданыстың жасалып жатқандығынан хабарлымыз. Десек те, әңгімеміздің басында тілге тиек қылғанымыздай, барға қанағат етіп арқаны кеңге салмай, орынсыз шығындарға жол бермей қандай қиын жағдайға да дайын отыруымыз қажет. Тек сонда ғана бірлесіп қиындықты жеңеміз деп ойлаймын.

Мергенғали БЕЙІСҚАЛИЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесі

төрағасының орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button