Жарнама
Экономика

Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов республика Көлік министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Сауранбаевты таныстырды.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таныстыру барысында Нұрлан Сауранбаевтың көлік саласындағы тәжірибесі атап өтілді.

Премьер-министр Мемлекет басшысының министрлік ұжымы алдына қойып отырған басым міндеттерді атап өтті. Соның ішінде, Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде порттарды, логистикалық хабтарды, халықаралық авто және теміржол дәліздерін дамыту қажет.

Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, әсіресе ірі жобалардың жүзеге асырылу сапасын бақылауға назар аудару тапсырылды.

Авиация саласында басым міндеттер қатарында инфрақұрылымды жаңғырту, әуежайлар салу және реконструкциялау, халықаралық бағыттар желісін кеңейту, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны дамыту атап өтілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button