НИДЕРЛАНДЫҚ САРАПШЫ ДӘРІСІ
Атырау қаласындағы компанияның филиал басшылығы «Даму» қорына мемлекеттік бағдарлама бойынша шетелден сарапшы тарттыруға өтінішін жазды. «Компанияға тапсырыс берушілердің көпшілігі қаладағы шетелдік кәсіпорындар болғандықтан, өнім халықаралық стандарттарға сәйкес болуы қажет. Өндірісті жетілдіру және кеңейту еуропалық өндірістік құрылғылары арқылы іске асырылады. Сондықтан, бізге өндіріс тиімділігін арттырып және өндірістің жаңа түрлерін үйрену қажет», — дейді филиал директоры Нұркен Искалиев. Осыған орай «Аға сеньорлар» жобасы аясында компанияға Нидерланды мемлекетінен сарапшы Виллем Брорсма шақыртылды.
Сарапшы Виллем Брорсма – инженерия саласында, металл құрылымдарын өндіруде және құбыр дәнекерлеуде тәжірибесі мол маман. Компания технологиялық құрылғыларды және болат құрылымдарын өндірумен айналысады. Сарапшының мақсаты – компанияға өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын тигізу. «Өз өніміңді өндіру кезінде басқа мекемелердің тәжірибесін үйрену өте маңызды. Бұл көптеген қателіктердің алдын алуға, шығындарды азайтуға, сапалы өнім шығаруды арттыруға көмегін тигізеді. Осы бағдарлама өте дұрыс және керек деп есептеймін. Біздің жұмысымызда дәнекерлеу саласында тәжірибе алмасу немесе үйрену, өндірісті жетілдіру және кеңейту бағытындағы ұсыныстар өте маңызды. Сарапшы біздің компанияның барлық талаптарына сай келді», — дейді жоба басшысы Александр Пак.