Жарнама
Экономика

Нан неге қымбаттады?

БҮГІНГЕ ДЕЙІН 100 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛЫП КЕЛГЕН БІР ҚАЛАШ НАННЫҢ ҚҰНЫ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ ОРТА ЕСЕППЕН 10 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ. БІР ҚЫЗЫҒЫ, ӘР ЖЕРДЕ ӘРТҮРЛІ САУДАЛАНУДА. ӘЛЕУМЕТТІК НАН ҚҰНЫ – 100-115

ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА, БӨЛКЕ НАН – 150-170 ТЕҢГЕДЕН. 

АЛ, «БАЛАУСА» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ «ТАМА» АЗЫҚ- ТҮЛІК ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ ГҮЛЖАН ИМАНОВА ӘЗІРГЕ НАН БАҒАСЫНЫҢ БІРҚАЛЫПТЫ ЕКЕНІН АЙТАДЫ. ӨЙТКЕНІ, НАУБАЙХАНАНЫҢ БАҒАСЫ ӨЗГЕРІССІЗ ТҰР.

Алайда, мұндай наубайханалар сирек. Мысалы, халық көбірек баратын супермаркеттер нан бағасын кемінде 5 теңгеге көтерген. Бағаның бұлайша түрленуін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат бидай бағасының қымбатсуымен байланыстырды.

– Қараша айынан бастап облысқа ұн тарататын оператор «Карат» ЖШС əлеуметтік нан бағасын 90 теңгеден 95 теңгеге өсірді. Бұған себеп 1 тонна бидай бұрын 99,5 мың теңге болса, қазір 125 мың теңгеге дейін көтерілген. Былтыр арнайы меморандум аясында облысқа 10 мың тонна бидай тасымалданған еді. Сондықтан, əлеуметтік нан бағасы – 90 теңге, І сұрыпты ұн бағасы 145 теңгеден сатылды. Ал, қазір І сұрыпты ұн бағасының көтерілуіне байланысты наубайханалар бір қалаш нанның құнын 5 теңгеден қосып, 110-115 теңге көтеруді ұсынып отыр (олардың көтерме бағасы – 95 теңге, бөлшек сауда бағасы – 95- 100 теңге). Бұған қоса, «Атырау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы мен Орал қаласындағы «Желаев» АҚ арасында 165 теңгеден І сұрыпты ұн сатып алуға келісім-шарт жасалды. Соған қарамастан, қараша айына дейінгі баға 155 теңге болып еді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне алдағы жылы облысқа 25000 тонна бидайға ұсыныс берілді, – деді Амангелді Сағидоллаұлы.

Оның айтуынша, нан бағасының қымбаттауына биылғы маусым- нан бастап, электр энергиясы құнының өсуі де себеп болған.

Бүгінде Атырау қаласында тəулігіне 35 мыңнан астам нан өнімін

шығаратын 10 жеке наубайхана бар.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button