Атырауда азық-түліктің шекті бағасы белгіленді

img 20200404 wa0047 Жаңалықтар

Атырау әкімдігі тарапынан  азық-түлік бағасына шекті баға белгіленуде.

«Бұл рәсімдер бір-екі күнде бітпейді, заңдылыққа сәйкес, ​ тиісті кәсіпкерлік сараптамалардан өткізіліп, әділет органдарына тіркелгеннен кейін күшіне енгізіледі» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі уақытта картоп өнімінің шекті бағасын бекіту туралы облыс ​ әкімдігінің қаулысы әділет органдарына тіркелді. Қаулы ​ жуық арада күшіне енеді. Тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы және қант бағаларына​ да шекті баға белгіленеді» делінген ​ Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасынан берілген түсінікте.

Еске сала кетелік, 29 желтоқсаннан бастап «Атырау»​ әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы Атырау қаласындағы «Насиха», «Сарайшық» және «Көктем» базарларында облыстық тұрақтандыру қорынан көкөністер сатылуда.

Бүгінгі таңда​ пияз келісі 81 теңгеден, ​ сәбіз 91 теңгеден, ​ қырыққабат ​ 92 теңгеден аталған базарларда сатылуда.

​ ​ Бір ескерте кететін жағдай, сауда нүктелерінде алып сатарлықты болдырмау мақсатында, әр өнім түрі бір адамға 5 кг шекті мөлшерде сатылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз