Жарнама
Экономика

Мұнай-газ компаниялардында қазақстандық қамту ұлғайтылады

Биыл үш ірі мұнай-газ компаниясының тауарларын сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 7%-ға ұлғайтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жоспарларымен таныстыру барысында атап айтты.

ҚР Үкіметінің ресми ақпараттық ресурсының хабарлауынша, жаңа отандық өндірістерді локализациялауға және Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз секілді ірі мұнай-газ жобаларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтуды ұлғайтуға басты назар аударылады. Бүгінгі таңда саладағы барлық сатып алулардың 70%-ы үш ірі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі.

«Ірі мұнай-газ жобаларының мердігер компанияларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс ірі мұнай-газ жобаларындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды сатып алуындағы қазақстандық қамту көрсеткішін 2024 жылы 7%-ға, 2027 жылы 11%-ға, 2029 жылға қарай 15%-ға ұлғайтуды болжауға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.

 Энергетика министрлігі талдау жүргізіп, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуларының 60% құрайтын 12 тауар тобын бөлді. Бұл бағытта локализациялау мен қазақстандық қамтуды дамыту үшін елеулі әлеует бар. Мердігер компаниялармен жоғарыда көрсетілген нысаналы топқа КPI-көрсеткіштерін бекіте отырып, ірі жобалардың жергілікті қамтуды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын қайта қарау бойынша белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ қазіргі міндеттерді ескере отырып, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың тендерлік рәсімдерін жаңарту мәселесі талқыланып жатыр, мұнда тауарлар мен қызметтердің отандық өндірушілерімен инвестицияларға айырбастау үшін тікелей ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілетін болады.

Сурет редакция мұрағатынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button