Экономика
Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау атыраулық зауыттардың жұмысымен танысты
ҚР Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау өңірдегі бірегей өндіріс ошағы саналатын «Atyrau Oil Service» ЖШС аралап көрді.
«Atyrau Oil Service» ЖШС 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта зауытта Германия, Оңтүстік Кореядан әкелінген әлемдік стандартқа сай материалдардан жасалынған жүзден астам өнім шығарылады.
Арнайы делегация «WIKA Кazakhstan» өндіріс орнында ұйымдастырылған кәсіпорындар жәрмеңкесіне де барды. «WIKA Кazakhstan» зауыты Атырау облысы бойынша электроесептегіш құралдарын шығарады.
ҚР Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау елімізде жергілікті өнім өндірушілерге басым бағыттар беріліп келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Альберт Рау бастаған арнайы делегация «Атырау-Нефтемаш» зауытына да барды.