Жарнама
Экономика

Мәжіліс депутаты Құрманғазы ауданына барды

Кеше  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі С.Ерубаев Құрманғазы ауданында болды.

Онда аудан тұрғындарына бүгінгі еліміздегі алға қойған мақсаттарды түсіндірді.  «Атырау Жарық» АҚ –ы Құрманғазы  аудандық электр желісінің ұжымымен, Теңіз ауылдық округі тұрғындарымен кездесудегі  көтерілген мәселелер: елдегі қымбатшылық, теміржол қатынасының проблемалары болды. Жол құрылысындағы да жазғы уақыттағы жұмыстарды  жеделдету, оны тез аяқтау туралы мәселелер де алға тартылды. Депутат бәріне салмақты түрде жауап беріп, сайлаушылардың ойынан шықты.

Сонымен қатар депутат Құрманғазы аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, олардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Елімізді жайлаған індет кезінде аянбай еткен бір топ медицина қызметкерлеріне партияның Орталық аппаратынан келген « Covid19 Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгілері мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Айсұлу ҚОНДЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button