МҰНАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ШЫРАЙЛЫ МЕРЕКЕ

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылғанына биыл 70 жыл толып отыр. Зауыт басшылығы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнап жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырды.

 

Зауыт басшысы Қайрат Оразбаев мереке иелерін құттықтап, жанұяларына береке-бірлік тіледі. Сонымен бірге, атыраулық мұнайшыларды Шымкент қаласынан арнайы келген «ПКОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымдары да құттықтады.

Ал, атыраулық дарындар Әсет Әлиев, Қуандық Нұғмаров, Мерей Қабдолов, Әсел Аманқұлова, Жәнібек Әжібаев, Ардабек Жұмаев, «Хиуаз» триосы және басқа әншілер халық әндерінен поппуриді тамылжыта орындады. Ал, Даркен Танабаев АМӨЗ-дің мерейтойына арнап жанынан шығарған жыр шумақтарын оқыды. «Інжу-Маржан», «Зерде» және «Аэлита» спорттық би топтарының арулары мың бұрала биледі.

Қазақы өнерді дәріптеуші «Қоңыр» және «Ringo» топтары да өнер көрсетті. Соңында жергілікті сазгер Болат Қохамановтың «Мұнайлы астана» әнін барлығы қосылып шырқады.

Амандық АБДОЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз