Жарнама
Экономика

МҰНАЙ ӨҢДЕУШІЛЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

 

Ерсұлтан – С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Бір айдан кейін тоғызыншы сыныпқа барады. Компания бүгінде Ерсұлтанның атына «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан есепшот ашты. Онда ай сайын белгілі бір көлемде қаражат аударылып тұратын болады. Жақында Ерсұлтан компания қызметкерлерінің балаларымен бірге Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» деп аталатын сауықтыру лагеріне барып келді. Тамыз айын Шымкент қаласындағы «Машат-Арасан» лагерінде өткізбекші.

Өзге балалар секілді Ерсұлтанның да жүрегі армандарға, биік-биік мақсаттарға толы. Болашақта ол технолог болуды армандайды. Сол себепті, Атырау мұнай өңдеу зауыты Ерсұлтанның Каспий маңы қазіргі заманғы колледжінде осы мамандықты алып шығуына ықпал етпекші. Және де Ерсұлтан үшін зауытта ұйымдастырылған экскурсия болашақ мұнайшының қиялына қанат бітірді деуге болады. Енді ол компанияның қолдауымен химия, физика және математика курстарына жазылып, білімін тереңдетуді көздеп отыр. Ең бастысы, Ерсұлтанның болашағы да осы зауытпен  байланысты болмақ. Білгеніміздей, зауыт басшылығы болашақта жас маманды осы компанияға жұмысқа алмақ.

Осы жерде зауыт базасындағы «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының негізінен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған қаракөздерге көмек көрсету бағытында жұмыс істеп келе жатқандығын атап өткен жөн. Жыл басынан бері компания қайырымдылық мақсатқа 13,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді.

Еліміздің экономикалық дамуында стратегиялық рөл атқаратын зауыт жақында «Ана шуағы» деп аталатын мүмкіндігі шектеулі аналардың қоғамдық ұйымына, облыстық балаларды оңалту орталығына демеушілік көмек көрсетіп, мұқтаж жандардың алғысына бөленді. Сол секілді, туберкулезге қарсы «Айгөлек» балалар бақшасы, ақыл-есі кеш  дамыған балалардың үй-интернаты, қарттар үйі зауыт тарапынан қажетті азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілді.

Компания қызметкерлері сондай-ақ, «Нұрлы шуақ» қоғамдық ұйымына бір күндік еңбекақыларын аударды. Жеңістің жетпіс жылдық атаулы датасына орай, облыстық ардагерлер ұйымына қаржылай көмек көрсетілді. «Қайырымдылық бағытындағы шаралар мұнымен тоқтамайды. Біз әлеуметтік жауапкершілікті қашан да басты назарда ұстаймыз» дейді компания өкілдері.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button