БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ҚАДАМ

Теңгенің еркін  айналымға шығуы – уақыттың талабы және  ол экономикаға тың серпін береді деп санаймын. Әлемдік нарықтағы мұнайдың құнсыздануы мен металға деген сұраныстың азаюы Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, теңгенің еркін  айналымға шығуы – экономиканы қуаттандыру үшін қажет қадам.

 

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер тұста  теңгенің еркін айналымға шығуын қолдаймыз. Біздің  отандық  кәсіпорындарымыз (оның ішінде шағын және орта бизнес те бар) құлдырамау үшін әрқайсысы  бәсекеге қабілетті болуға жұмыстанады, нәтижесінде сапалы, әрі қолжетімді өнімдер пайда болады деп ойлаймын.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері болсам да, еліміздің макро және микроэкономикаларына алаңдаушылық білдіремін. Бұл орайда Елбасының барлық реформалары еліміздің көркеюі мен дағдарыстан шығуға бағытталып отырғандығы қуантады. Біздер, медицина саласы қызметкерлері, халық денсаулығын арттыруда, салауатты өмір салтын берік қалыптастыруға жұмыстана береміз. Өйткені, саулығы мықты ұлт қана биік белестерді бағындырады.

Айбек ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз