Жарнама
Экономика

ЛИЦЕЙДЕГІ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ

Жуырда аталған лицейдің шәкірттері 25 мемлекеттен 200-ден астам команда қатысқан халықаралық олимпиадаға қатысып, одан Гран-при және Алтын алқамен оралды. Енді осы он бірінші сыныптың төрт оқушысы – Сәкен Сайполла, Бекарыс Нұртай, Олжас Қарақұлов және Данияр Гаппари алдағы үлкен сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып отыр.

Атырау қазақ-түрік лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльбрус Пириев мырзаның айтуынша, осы жеңімпаз оқушылар еліміздің өздері таңдаған жоғары оқу орындарының кез келгеніне түсе алады. Айта кетерлігі сол,  ол оқу тегін жүзеге асырылып, түлектер грантпен оқымақ. Біз осы білімді балалардың өздерімен тілдескенімізде, олар информатика пәніне деген қызығушылықтарының зор екенін, бұған дейін де талай білім сайыстарында жеңіске жетіп келе жатқандарын қуана әңгімеледі.

Биыл аталған білім ошағын 46 түлек бітіргелі отыр. Осының тек 17-сі ғана ҰБТ-ға қатысады, өзгелері түгелдей босатылған. Еліміздің ертеңі осындай білімді ұрпақтың қолында болса, болашағымыздың жарқын болары да сөзсіз.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button