Жарнама
Экономика

«ЛИДЕРДЕ» НЕ БОП ЖАТЫР?

Бірнеше күннен бері «АЖ»-ға қала тұрғындары «Лидер» супермаркеті желісіндегі қазіргі болып жатқан мәселелерге қатысты толассыз қоңырау шалуда. Біз супермаркеттердің біріне — «AISHA» сауда үйінде орналасқан желі дүкеніне бардық, деп жазады azh.kz

Залды аралап, дүкен сөрелерінде тауарды азайғанын байқамадық; сөрелерде өнімдер жайғасқан, қызметкерлер тауарларды ретімен орналастжайғастыруда.

Залдағы қызметкерлер ақпарат беру қиынға соқты, компанияның сатып алу бөлімінің өкілімен сөйлесудің сәті түсті.

— Сіздің сауда желісіне не болды? Жабылады деп айтып жатыр ғой.

— Жоқ, олай емес, бәрі әдеттегіше жұмыс істеп жатыр. Иә, тауар түрлеріне қатысты кейбір проблемалар бар, қаржыгерлерлер несиемен айналысуда. Менің білуімше, Сбербанктегі несиеге байланысты хикая. Банк санкцияға ұшырады, бұл да бізге әсер етті.

Жағдай қашан толық тұрақталады?

— Бізге 1-2 ай ішінде қаржы тапшылығына қатысты проблема шешіледі деп сендіріп отыр. Қазір біз көптеген ірі жеткізушілермен келісім жасадық, жеткізілімді жолға қойдық. Біз ірі компаниямыз ғой, жергілікті нарықтағы көшбасшымыз. Бір заңды тұлғамен 17 жыл жұмыс істеп келеміз. Топ-менеджерлердің көпшілігі компания құрылғалы бері бізбен жұмыс істеп келеді. Сондықтан бізге сенеді.

– Жалақыларыңызда өзгерістер болды ма? Мүмкін көлемнің азаюына байланысты қысқарған шығар?

– Бәріне де жалақының уақытында төленетінін нақты білемін.

Компания директоры Ғалымжан ӘСЕТПЕН хабарласудың сәті түсті.

– «Лидер» желісіндегі супермаркеттердің жабылатыны туралы да түрлі әңгіме айтылып жатыр. Бұл туралы не айтасыз?

— Супермаркеттер жұмыс істеп тұр, жабылатыны – жалған ақпарат; сөрелер бос емес, ресейлік және беларусь брендтерінің тауарлары да бар. Сатып алушыларымыз бізде ассортимент көп екенін, «Честная цена» деген өз брендіміз, әлеуметтік тауарлар сөресі және басқа да тиісті өнімдер бар екенін біледі. Тағы да ресми түрде мәлімдеймін: «Лидер» компаниясы жабылмайды, сатылмайды, сату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқі. Біз бұрынғыша халық жағындамыз, кейбір тауар түрлерінің тапшылығына байланысты жағдай жақын арада шешілетініне сенімдіміз және қала тұрғындарын кең ассортиментпен, қолайлы бағамен және тамаша акцияларымызбен қуанта береміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button