Кімдерге коммуналдық төлемдер қайтарылмақ?

tarif 750x500 1 Экономика

2021-2022 жылғы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша атыраулықтарға 8,2 млн теңге қайтарылады.

Монополист мекеме жылу бағасы мен сыртқа ауаның температурасын қайта есептей келе, жылу есептегіш құралы орнатылмаған және апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына артық ақшаларын қайтарып беру туралы шешімге келген. Аталған тұтынушылар шілде айынан бастап жылу ақысын азайтылған сомамен төлейтін болады.

«Мысалы, өткен айда ыссы су үшін 2000 тг төлеу қажет болса, сол ақша сіздің пәтер үшін қайта есептеу сомасы шегеріледі. Содан қалған соманы ғана төлейсіз», — ҚР ҰЭМ ТМРК АОД басшысы Әлібек Төлеп.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті мамандарының айтуынша бүгінгі таңда Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің 86 пайызы жылу энергиясын есептегіш құралдармен жабдықталған. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз