Жарнама
Экономика

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ ҮМІТ АРТАДЫ

 

«ҚазМұнайГаз» компаниясының отандық индустриялдық бағдарламасындағы жұмыстарының бірі ретінде Ақтау қаласындағы жаңа өндірістердің ашылуын мысалға келтіруге болады. Онда «Ақтаунефтесервис» ЖШС базасында көршілес ресейлік серіктестермен ортақ «АқтауОйлМаш» ЖШС іске қосылған. Аталған кәсіпорында мұнай мен газды коммерциялық есептеуге, сұйықтың шығымын өлшеуге, қабаттағы қысымды қалпында сақтауға, блогталған шоқтық сорғыш станциялар, сондай-ақ, басқа да көптеген мұнай-газ саласына қажет заманауи құрылғылар шығару жоспарланған. Қазіргі таңда тиісті халықаралық сертификаттар алынған, ал, толық қуатында жаңа өндіріс орны 2018 жылы жұмыс істейтін болады.

Мұнай-газ құрылғыларын өндіру бойынша тағы бір жоба Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірлесіп жүзеге асуда. Білдек-тербелмелі, ұңғымалы, қарнақты, тереңдетілген, бұрамалы сорғыштар, құбырларды коррозияға қарсы жабындылармен қаптау және химиялық реагент жасап шығару өндірістерін жолға қою көзделген. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемені дайындау аяқталып келеді.

«ҚазМұнайГаз» мұнай-газ бұрғылау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын «Nabors Drilling International Ltd» америкалық компаниясымен бірлесіп, Теңіз мұнай кен орны мен жоспарлы бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіпорын ашты. Жаңа кәсіпорын қазақстандық қамтуды арттырып қана қоймай, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы америкалық компанияның тәжірибесін, басқару технологиясы мен жүйесін қабылдауға септігін тигізбек, ал, ұзақ мерзімді келешекте ірі отандық мұнай-газ орындарында бұрғылау мердігері ретінде алған дағдыны тиімді жүзеге асырмақ.

«ҚазМұнайГаз»-дың тағы бір жетістіктерінің бірі – итальяндық «Eni» компаниясымен Маңғыстау облысы Құрық кентінде іске асқан кеме жасау және кеме жөндеу зауытының құрылыс жобасы. Кеме жасайтын орынның қуаты жылына 70 кемеге дейін есептелген, сондай-ақ, сыйымдылығы 15 мың тоннаға дейін жететін жаңа кеме өндіру жоспарланған.

«Schneider Electric» халықаралық компаниясымен ынтымақтасып отандық ұлттық компания бақылау-өлшем жабдықтары мен технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесі мен бақылауды өндіру және қызмет көрсету үшін «KMG Automation» компаниясын құрды. Ортақ кәсіпорынның негізгі міндеті жергілікті кадрлық әлеуетті және Қазақстанда өндірістік автоматизация, бағдарламалық қамту мен қуатты басқару аясындағы жергілікті құрастыру жүйелерін күшейту. Күтілетіндей, «KMG Automation» отандық өнеркәсіпті тиімділікті жоғарылату және өндіріс қауіпсіздігі бойынша алдыңғы қатарлы шешімдермен қамтамасыз етпек. Бұл арнайы кәсіпорын өзекті болып саналатын жұмыспен қамту мәселесінің шешілуіне ықпал ететіні рас. Соның арқасында 150-ден астам біліктілігі жоғары жұмыс орындары пайда болмақ. Бұл кәсіпорынды құру туралы келісімге Ақтау қаласында 2012 жылдың қыркүйек айында форум барысында қол жеткізілген. Сол  шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларының операторлары арасындағы ортақ қызмет туралы Ақтау декларациясына қол қойылды.

Айта кету керек, Ақтау декларациясы жаңа өндірістерді құруға, мұнай-газ операторларының тәртібін және стандарттарын сәйкестендіру, отандық жеткізушілердің бірыңғай мәліметтер базасын құру, кадрлық әлеуетті дамыту, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастыру әзірлемелеріне қолдау көрсету, сонымен қатар, жергілікті индустрияға инвестициялар тарту бойынша ортақ жұмыс құруға бағытталған. Қазір осы құжат аясында бірсыпыра жұмыс тындырылған. Нақтысын айтқанда, Қазақстанда оқшаулау үшін тауарлар мен қызметтердің жеті категориясы іріктеліп алынған, жеткізушілердің бірыңғай базасы құрастырылуда.

Биылғы жылдың қазан айында Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастыруымен «KAZENERGY» Қауымдастығының қолдауымен форум өтті. Шара барысында Қарашығанақ, Солтүстік-Каспий, Теңіз жобаларына шолу жасалды. Қатысушылар мен әлеуетті жеткізушілерге жақын арадағы және келешектегі тауарлардың әлеуетті категориялары бойынша құралдардың айрықшалау стандарттары мен операторлардың техникалық талаптарының өзекті сұраныстары таныстырылды.

Форум қорытындысы бойынша әлемдік ірі мұнай-газ секторындағы, шетелдік кәсіпорындар, банктер өкілдері арасында өзара түсіністік және ниеттестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек, бірнеше шетелдік компаниялар қазақстандық серіктестерімен ортақ кәсіпорындар құру жөнінде қызығушылықтарын білдірді.

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі, республикамыздың кәсіпорындары үшін маңызды қауіп-қатерлер туғызатыны рас. Себебі жергілікті және шетелдік тауар, жұмыс және қызмет өндірушілері үшін талаптарының теңдігін топшылайды.

Енді отандық компанияларды қолдауға байланысты жағдай «ҚазМұнайГаз»-дың сатып алу ережелерінен алынып тасталуы керек. Бұндай талаптар ұлттық компания алдында отандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісімдер міндеттерін қояды, бұл өз тарапынан ДСҰ жағдайында қатаң бәсекелестікті жұмсартып қана қоймай, сонымен қатар, өзіміздің өндірушілерге ұзақ мерзімді келешекке қызметтерін жоспарлауға, соның ішінде өндірістің жаңғыртылуы бойынша да септігін тигізбек. Аталған жұмысты «ҚазМұнайГаз» «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым- қатынасты жүзеге асырмақ.

Егер биылғы жылдың алдын-ала қорытындысын шығаратын болсақ, онда отандық өндірушілерден тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бойынша келісілген шарттар мен барлық ұзақ мерзімді келісімдердің ортақ сомасы 1 триллион 190 млрд. теңгені құрады. Жыл соңына дейін қосымша 70 млрд. теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасу жоспарланған. Ал, олардың қызметтері кем дегенде екі-үш жылға көзделген.

Ұлттық компания өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде әлеуетті серіктестер табу мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Осы жылы облыстық әкімшіліктер мен жергілікті тауар өндірушілермен жалпы сомасы 365 млрд. теңгені құрайтын 158 меморандумға қол қойылды. Осы келісімдер ұлттық мұнай-газ компаниясына керекті тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды көздейді.

Осы барлық әсерлі нәтижелер нақты жоспарлау мен жобалаусыз іске аспас еді. Ұлттық компания ұйымдарында инвестициялық жобалардың іске асырылуы, әдетте, құрылыс нысаны үшін бір немесе бірнеше мердігер компанияны таңдау арқылы жүзеге асырылады. Тауарларды сатып алу көлемі бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде мердігерлердің өздерімен  жасалатын. Сондықтан, жергілікті қамтуды дамытуда жобалау кезеңі өте маңызды болып табылады. Осынау жұмысты жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГаз»-да барлық инвестициялық жобаларды, тіпті іске асыру кезеңіне дейін сүйемелдейтін, міндетті түрде сараптаудан өткізетін жергілікті қамтуды дамыту бойынша арнайы Үйлестіруші кеңес құрылған. Кеңестің негізгі міндеті – жоспарға сәйкес пайдаланатын заттар мен құрылғыларды, ұсынымдарды өндіру және тауар, жұмыс, қызметті сатып алудағы жергілікті қамтудың көрсеткіштерін орнату, талдау. Мысалы, 2015 жылы жергілікті қамту үлесі 42-ден 79%-ға жететін жалпы сомасы 69 млрд. теңге сомасындағы алты жоба сараптаудан өтті.

Тауар, жұмыс және қызметтердің жергілікті тауар өндірушілерін қолдау жұмыстарын бақылау және мониторингілеу мақсатында ұлттық компанияда арнайы негізделген жергілікті қамтуды дамыту бойынша қызмет көрсеткіштері әзірленген. Бұл көрсеткіштер «ҚазМұнайГаз»-дың әрбір еншілес ұйымының жетекшілері үшін орнатылған және жыл сайын өзектілігі жағынан жоғарылауда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button