Каспий мұнай компаниясы 44 млрд. теңге таза пайда тапты
2023 жылдың қорытындысы бойынша Каспий мұнай компаниясы 44 млрд. теңге таза пайдаға қол жеткізді. Негізгі акционері – Тимур Құлыбаев.
NRG_monitor ақпараттық ресурсының хабарлауынша, компанияның былтыр өндірген «қара алтын» көлемі – 903,5 мың тонна.
Ал, Айранкөл кен орнында ақылды технологиялар (Smart-field) енгізілді, бұл мұнай өндіруді 10%-ға ұлғайтуға және операциялық шығындарды 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Жобаның қосымша әсерлеріне мұнай қалдығының (шлам) көлемін және тұтынуды азайту, ұңғымалардағы жөндеу жұмыстарының санын төмендету кіреді.
«Ақылды» ұңғымалар әлемнің кез келген нүктесінен технологиялық процесті бақылауға мүмкіндік береді. Егер ұңғымада апатты жағдай бола қалса, смарт-жүйе жергілікті мамандарға да, бас кеңсе мен стратегиялық талдау орталығының қызметкерлеріне де автоматты түрде дереу хабардар етеді.
Айта кету керек, биыл мамырда «Каспий Мұнай» компаниясы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында цифрлық аудитория мен мұнай өндіру процестеріне еліктейтін полигон ашты. Жобаның негізгі мақсаты – болашақ кадрлар мен оқытушылар үшін білім беру базасын құру.
Қуандық ШӘКІРОВ
Сурет: freepik.com