Жарнама
Экономика

Кәсіпкер әйелдерге қолдау көп

Атырау облысында әйел кәсіпкерлігін дамыту бағытында кешенді қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Биыл мемлекеттік «Субсидиялау» құралы аясында 53 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 жоба кәсіпкер әйелдерге тиесілі.

–«Кепілдендіру» тетігі бойынша мақұлданған 36 жобаның 13-і әйелдерге арналған. Ауылдағы кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету үшін «Бизнес-Аймақ» бағдарламасы іске асырылуда. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында былтыр 16 кәсіпкер қайтарымсыз грант жеңіп алса, олардың 14-і — әйелдер. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы өткен жылы 174 кәсіпкер қолдау алды, оның 71-і – әйелдер. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 17 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды, — деді кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Бибігүл Тоғызова.

Қаржылай емес қолдау шеңберінде 2025 жылдың 1 маусымына дейін 253 кәсіпкерге 255 сервистік қызмет көрсетілсе, оның 109-ы әйелдерге тиесілі. 2024 жылы «Томирис» жобасы аясында 50, ал «Мен кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 103 әйел кәсіпкер оқытылды.

Былтыр өңірде 55 852 дара кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 58 пайызы немесе 32 576-сы әйелдер. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 400 әйел кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button