ҚҰРМЕТТІ ҒАДІЛ ЗАЙДЕНҰЛЫ!
Бір кезде Сіз де іңгәлаған сәбилік, одан соң жастықтың оты жалындаған жігіттік шақты бастан өткердіңіз. Бұл күнде осы кезеңде жинаған кемел білім мен ақыл-парасатыңызды біріктіріп, ақсақалдық тұғырға бет алдыңыз. Иншалла, тұғырыңыз мықты болсын. Атырау өңірі – тума таланттарға бай өлке. Тәңір берген тарландардың талайы өнер биігінде олжа салып, асуларды бағындырса, Сіздің де еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Біздер, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония ұжымы, өзіңіздей білікті басшы, білімді маман, сырнайын сәйгүліктей самғатқан бекзат болмысты азаматпен бірге қызмет ететінімізді қашан да мақтан етеміз. Лайым, таланттар шоғырын әлі де биіктерге бастай беріңіз. Отбасыңызға амандық, шығармашылығыңызға табыс, деніңізге саулық тілейміз. Айсұлу апамызбен бірге ұрпақ қызығын көре беріңіз.
Шын жүректен: Нұрмұхан Жантөрин атындағы
облыстық филармония ұжымы.