Аймақ басшысы «Халық банктің» басқарма төрағасымен кездесті

whatsapp image 2021 10 06 at 15.42.36 Экономика

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Халық банктің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен жұмыс бабымен кездесті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге сондай-ақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Атырау филиалының директоры Жанна Майкопова​ қатысты.​
Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдің экономикалық әлеуеті, мұнда жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар туралы айтып, экономикалық жағдайға қаржы нарықтарындағы үрдістер де айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.
Үміт Шаяхметова «Халық банкінің» мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, халық пен кәсіпкерлер үшін сервисті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Сондай-ақ банк қайырымдылық мәселесі басты назарда екенін атап өтті. Оның айтуынша, Атырау банк үшін маңызды өңір болып табылады және ол мұнда өз жұмысын белсенді түрде жалғастырады.
Айта кетейік, облыс бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның 20 бөлімшесі, 270 банкоматы қызмет көрсетуде.

whatsapp image 2021 10 06 at 15.42.37
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз