
Көкөністердің бағасы едәуір арзандады
Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген.
Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ — 26,5%, орамжапырақ — 22%, картоп — 14,4%, сарымсақ — 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген. Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған. Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді.
Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.
Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады — жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген. Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған.
Хорлан Смадияр