ҰЙЫМШЫЛДЫҚ БОЛСА, ҰТАМЫЗ!
Бүгінде біз мың құбылған геосаяси кеңістік пен бәсекелестігі өршіген заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, Қазақ елі соның бәріне қабілетті болуы керек. Сыртқы нарықта доллар нығайса да, ең бастысы, ішкі сауда айналымында ұлттық валюта негізгі басымдыққа ие болып отыр. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрегендік танытып, әлеуметтік көңіл-күйдің төмендеуіне жол бермес үшін азық-түлік өнімдерінің бағасын қымбаттатуға жол бермейтінін айтты. Жағдайды пайдаланып, бағаны негізсіз ушықтырғандар жазаланатынын да мәлімдеді. Олай болса, бұл тәртіпке барлық өнім өндірушілер бағынуы тиіс. Жергілікті жерде бағаның өсуін тұрақтандыру, қадағалау мақсатында жедел штабтың құрылуы да құптарлық.
Сыртқы нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін ішкі нарықты бір қалыпта ұстаудың маңызы зор. Сондай-ақ, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, ауызбіршілігімізді жоғары қоюымыз керек.
Теңгенің еркін айырбас бағамына жіберілуі – уақыт талабы. Ендігі кезекте Тәуелсіздігімізді нығайтып, төл валютамыз – теңгенің күш аларына сенгеніміз жөн. Жедел жүзеге асырылған шаралар, жаңа ақша-несие саясаты елді қиындықтан құтқаратынына сеніміміз мол.
Шахимардан ДӘУРЕШОВ,
сот жүйесінің ардагері,
доғарыстағы судья.