Өңір бюджеті бекітілді

20171113142056 Экономика

Кеше облыстық мәслихаттың кезекті ХХVII сессиясы болып, онда депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітті.

20171113142056

Сессияда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС  бойынша 2017-2018 жылдарға арналған табиғатты қорғау шараларының орындалуы туралы» бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Василий Гацконың баяндамасы тыңдалды. Депутаттар зауыт басшылығына су тазарту қондырғыларын салу, тәуліктік су пайдалану көлемін азайту, зауытта орналасқан төрт экологиялық станса мәліметтерін экология департаментіне уақытылы беріп отыру, алауда газ жағу фактілерін болдырмау мақсатында іс-қимыл шараларын алуды ұйымдастыру мәселелерін ұсынған шешім қабылдады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев алдағы үш жылда субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбелерін айқындау жөнінде баяндады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосқан Ғаббас Хисметуллинге «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еңбек ардагері Ғаббас Хисметоллаұлына бұл атақтың арнайы төсбелгісі мен куәлігін табыстады.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз